Компания туралы

«ТрубРемЦентр» ЖШС — құбыр өңдейтін және өндіретін мамандандырылған кешені. Кешен Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Өзен ойпатының мұнай өндіретін 2-МГӨБ-на жақын жерде орналасқан.
СКҚ өңдеу технологиялық процессі төмендегі жұмыстардан тұрады:
  • (СКҚ тазалауға арналған жуатын мен термодинамикалық қондырғыларымен) залалсыздандыру;
  • Муфты шешу;
  • Шаблондау;
  • СКҚ ішкі бетін механикалық тазалау;
  • Кемшіліктерін анықтау (дефектоскопия) — құбырдың бойлық және көлденең кемшіліктерін анықтау, қабырғасының қалыңдығын анықтап 1 және 2 классқа бөлу, мықтылық тобын анықтау;
  • Ø 60,73,89,114 СКҚ жіптерін қайта кесу;
  • Құбырға өңделген немесе жаңадан муфтаны орау;
  • Гидросынақтан өткізу;
  • Құбырдың ұзындығын өлшеу, нүктелі таңбалау, құбырдың жіптеріне қауіпсіздік элементтерін орнату, қажетті құжаттарымен сапа сертификатын беру;

3,000,000

Жөнделген НКТ

20

Алғыс компания

17 жыл

Жұмыс тәжірибесі

30

Марапат

Негізгі клиенттер

Компания тарихы

«ТРУБРЕМЦЕНТР» ЖШС қызметін 2002 жылы бастаған. 2002-2018 жылдар аралығында диаметрі 60,73,89 мм тегіс және бір жағы шығыңқы насостық-компрессорлық құбырлардан 3000 000 (үш миллион) данасын өңдеуден шығарды. Мекеменің негізгі тапсырыс берушілері болып:
  • «Озенмунайгаз»,
  • АҚ, «Каражанбасмунай»;
  • АҚ, «Каракудук-Мунай»;
  • ЖШС, «Тасбулат Ойл Корпорэйшн»;
  • ЖШС, «Жигермунайсервис»;
  • ЖШС, «МунайФилдСервис»;
  • ЖШС, «Бурғылау»;
  • «Каскор-машзавод»,
  • АҚ. «Тенге»;
  • «КАТКО нефть» ЖШС филиалы,
  • ЖШС, «Юпитер»;
  • ЖШС, «Маңғыстау Метал-Транс Снабжение»;
  • ЖШС, «АльКуатТабыс» табылады.

Басшылар тобы

Бас директор

Газиз Жандос

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары

Матжанов Серик Дарменович

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Хабдарахимова Гулнар Халеловна

Әлеуметтік жауапкершілік

«Трубремцентр» ЖШС өз кәсіпорындарында және қызметкерлері жұмыс істейтін қалаларда, адам әлеуетін дамытуға үлкен көңіл бөледі. Холдинг кәсіпорындардың әлеуметтік инфрақұрылымын қолдайды, сонымен қатар қызметкерлер арасында корпоративтік ынтымақтастықты дамытуға, әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға, қызметкерлерді жан-жақты дамытуға жағдай жасайтын бағдарламаларды жүзеге асырады.

Әлеуметтік бағдарлама қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етуге, қызметкерлер мен олардың отбасыларына шипажайға жолдама мен денсаулық сақтау мекемелерін, жәрдемақы, материалдық көмек, медициналық сақтандыру, спорттық және медициналық мекемелерге толық ақы төлеуді көздейді. Спорттық жарыстар мен қызметкерлердің балаларына арналған іс-шаралар үнемі өткізіледі. Кен орнында кәсіби мерекелер, Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтуде.

Холдингтің басшылығының мақсаты — тек қана қызметкерлерге ғана емес, олардың отбасы мүшелеріне, балаларына үлкен және тату ұжымның қалыпын құру. Біз болашақта ұзақ мерзімді табыстың біздің жоғары беделімізді ұстап тұруымызға, қызметкерлердің еңбек тәртібін арттыруымызға, табыстың жаңа көздерін іздеуімізге және шығындарды қысқартуымызға байланысты болатынын түсінеміз. Сондықтан да біз жергілікті салт-дәстүрлерді және іскерлік айналымның әдет-ғұрыптарын құрметтей отырып, сондай-ақ өзіміз жұмыс істеп отырған қоршаған ортаны жақсартуға ықпал етуге ерекше назар аударамыз.