Previous
Next

Қызметкерлер балаларының демалыс орны

       Биылғы шілде айында «ТрубРемЦентр» ЖШС қызметкерлерінің 7-13 жас аралығындағы балалары «Балдәурен-Алматы» және «Ақбөбек-Кендірлі»  сауықтыру лагерьлерінде демалып қайтты.  «Балдәурен-Алматы» – Алматы облысы Қапшағай қаласында, ал «Ақбөбек-Кендірлі» – Маңғыстау облысында, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан.

       Компания жазғы лагерьлерге жолдама беру арқылы 64 балаға қуаныш сыйлады. Лагерьге барған балалар табиғи экскурсиялар мен әртүрлі тақырыптық кештерге, үйірмелер мен секциялық сабақтарға, мәдени-танымдық және спорттық іс-шараларға қатысты. Бір сөзбен айтқанда, барлығы жақсы әсер алып, демалып келді. Балаларының осындай қуаныштарына риза болған ата-аналар, яғни біздің әріптестеріміз, мекеме басшыларына алғыс білдірді.