Әлеуметтік жауапкершілік

«Трубремцентр» ЖШС өз кәсіпорындарында және қызметкерлері жұмыс істейтін қалаларда, адам әлеуетін дамытуға үлкен көңіл бөледі. Холдинг кәсіпорындардың әлеуметтік инфрақұрылымын қолдайды, сонымен қатар қызметкерлер арасында корпоративтік ынтымақтастықты дамытуға, әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға, қызметкерлерді жан-жақты дамытуға жағдай жасайтын бағдарламаларды жүзеге асырады.

Әлеуметтік бағдарлама қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етуге, қызметкерлер мен олардың отбасыларына шипажайға жолдама мен денсаулық сақтау мекемелерін, жәрдемақы, материалдық көмек, медициналық сақтандыру, спорттық және медициналық мекемелерге толық ақы төлеуді көздейді. Спорттық жарыстар мен қызметкерлердің балаларына арналған іс-шаралар үнемі өткізіледі. Кен орнында кәсіби мерекелер, Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтуде.

Холдингтің басшылығының мақсаты – тек қана қызметкерлерге ғана емес, олардың отбасы мүшелеріне, балаларына үлкен және тату ұжымның қалыпын құру. Біз болашақта ұзақ мерзімді табыстың біздің жоғары беделімізді ұстап тұруымызға, қызметкерлердің еңбек тәртібін арттыруымызға, табыстың жаңа көздерін іздеуімізге және шығындарды қысқартуымызға байланысты болатынын түсінеміз. Сондықтан да біз жергілікті салт-дәстүрлерді және іскерлік айналымның әдет-ғұрыптарын құрметтей отырып, сондай-ақ өзіміз жұмыс істеп отырған қоршаған ортаны жақсартуға ықпал етуге ерекше назар аударамыз.