Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Мекеме тарихы
2002-2011ж.
Басталуы
«ТрубРемЦентр» ЖШС СКҚ Жөндеу цехы 2002 жылы пайдалануға берілді. Зауыт толық қуатымен 2005 жылы жұмыс істей бастады. Өзінің жұмыс істеу кезеңінде технология деңгейі, өндірістік қуаттары және сорғы-компрессорлық құбырларды жөндеу сапасы бойынша Компания Қазақстанның жетекші кәсіпорындарының қатарына кіріп, нарықта жетекші орынға ие болды, олардың негізін өнімнің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілетті бағалар құрайды.
2019-2022ж.
СҚ желісі
2019 жылы сорғы қарнақтарын жөндеу цехы іске қосылды.
2022-2023ж.
БҚЖ желісі
БҚ Жөндеу цехы 2023 жылы іске қосылды
2011-2019ж.
Дамуы
2012 жылғы 26 наурызда Компания Маңғыстау облысының Әділет департаментінде Қарақия ауданының Әділет басқармасында «ТрубРемЦентр» ЖШС ретінде қайта тіркеуден өтті.
Компания Маңғыстау облысының жетекші мұнай-сервистік кәсіпорындарының бірі болып табылады, мұнайшылардың қажеттіліктері үшін мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндейді.
2022-2022ж.
Қайта құру
2022 жылғы қыркүйектен бері Компанияның Бас директоры Ғазиз Жандос Ғазизұлы болып табылады. Лауазымға тағайындалған сәттен бастап, ол бірінші кезекте басқарушылық ойлау негіздерін өзгерту мақсатында басқарушы персоналдың тиімді басқару жүйесін және өзара әрекеттесу құрылымын енгізу жөнінде кешенді шаралар қабылдады. Сондай-ақ, бұл өзгерістердің мақсаты басқарушылық шешімдер қабылдау және оларды жедел жүзеге асыру үшін бюрократиялық үрдістерді еңсеру болып табылады. Күнделікті жұмыста басшы құрам қатарындағы құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың тиімді өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға баса назар аударды.
2023-2027ж.
Стратегиялық даму жоспары
Өндірістік сектор бойынша, 2022 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша «ТрубРемЦентр» ЖШС-нің 2023-2027 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары әзірленіп қорғалды, оған өндірістік-технологиялық қуаттарды кеңейту, жаңа өндірістер ашу жобалары кіреді.